
⏳ ҚР Шымкент қаласы бойынша МКД патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін салық кезеңі күнтізбелік жыл болып табылатынын еске салады.
Патент режимін қолданатын дара кәсіпкерлердің қолданыстағы патенттерінің мерзімі 2020 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатынын ескере отырып, МКД мұндай салық төлеушілерге алдағы салық кезеңі - 2021 жылға патент құнының есебін ұсыну қажеттілігі туралы алдын ала қамдауға кеңес береді.
Мәлімет үшін, 2021 жылы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 2917 теңгені құрайтынын хабарлаймыз.