Date of publication: 25.12.2020 18:13
Date of changing: 25.12.2020 18:14

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке тұлғалардын мүлік,жер,көлік салықтарының өсімпұл сомаларын есептен шығару бойынша  салықтық рақымшылығы 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін жүргізілетінін назарынызға жеткізеді. 

         Әр жеке тұлға, азаматтың осы акцияны пайланалуға мүмкіншілігі бар тек басты шарты жер, мүлік, көлік салықтарының жылдан жылға келе жатқан салықтық берешегінің негізгі төлем сомасын өтеу қажет.

            Салық берешегі туралы ақпаратты ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтынан және «электрондық үкімет» порталында «Электрондық сервистер», «салық берешегінің бар (жоқ) екендігі туралы мәліметтер» бөлімінде борышкердің ЖСН бойынша көруге болады

 

            Мемлекеттік кірістер органдары күнделікті жеке шоттар мәртебесін бақылайды және егер негізгі борыш төленсе, айыппұлдарды жою туралы шешім үш жұмыс күнінен кешіктірмей қабылданады. Негізгі төлем қай салық түрініен өтелсе, сол салық түрінің өсімпұл сомасы есептен шығарылады.Салық органдарына баруды немес оларға жүгінуді қажет етпейді.

Бүгінгі таңда  58 448  салық төлеушілер рақымшылықты пайдаланып -705 млн. 341 мың теңге негізгі төлем өтеліп, олардың 92 млн.924 мың теңге өсімпұл сомасы есептен шығарылды.