Date of publication: 25.12.2020 18:16
Date of changing: 25.12.2020 18:24

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) енгізілген толықтырулар мен  өзгетулерге сәйкес, электронды шот-фактуралар жазып беруге міндетті салық төлеушілердің тізбесі кеңейтілді. Аталған толықтырулар Салық кодексінің 412-бабына енгізілген.

 

Электронды шот-фактуралар жазып беруге міндетті салық төлеушілердің тізбесі келесі санаттармен толықтырылады:

 

- электронды шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің "Виртуалды қойма" модуліне келіп түскен тауарлар осындай салық төлеушілерге өткізілген жағдайда, қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын салық төлеушілер;

 

- құны 1 000-еселеленген АЕК-тен асатын азаматтық-құқықтық мәміле бойынша Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркелмеген резидент-заңды тұлғалар (мемлекеттік мекемелер мен орта білім беретін мемлекеттік ұйымдарды қоспағанда), қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар;

 

- жүктерді халықаралық тасымалдау қызметтерін көрсететін салық төлеушілер.

 

Түзетулер 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап қолданысқа енеді.