
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті ресми сайтында web-журналдың алғашқы шығарылымы басталғанын хабарлайды. Оны сілтеме бойынша көре аласыздар: https://kgd.gov.kz/sites/default/files/UIT/zhurnal_1_2020_god.pdf.
Мемлекеттік кірістер органдарының қызықты тарихы мен көпқырлы күнделікті тәжірибесі осы жаңа басылымның беттерінде өзінің лайықты көрінісін табады. Веб-журнал мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің де, салық және кеден ісі теориясы мен практикасының әртүрлі аспектілеріне қызығушылық танытатын адамдардың да қызығушылығын тудырады, өйткені ол мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің өмірі, оқиғалары мен кезеңдері туралы, Парламенттегі талқылаулар туралы әңгімелейді, оқырмандардың назарына мамандар өз жұмыстарының пайдалы түсіндірулерін ұсынады.
Құрметті әріптестер, сіздерді біздің web-журналымызда белсенді ынтымақтастыққа шақырамыз. Біздің поштаға жібере отырып, сіз өзіңіз қатыса аласыз, өмірдегі оқиғалар туралы баяндай аласыз және Мемлекеттік кірістер органдарының қызметін жетілдіру бойынша өз ұсыныстарыңызды электрондық адреске жолдай аласыз: umc01@mail.ru.