
Ағымдағы жылдың 24 желтоқсаны жаңа жыл қарсаңында Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен уақытша сақтау қоймасы «Өгем» ЖШС бірлесіп, бұрын кеден заңнамасының ережелерін бұзғанына қатысты «Шымкент-кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетімен ұсталған медицинаға арналған бұйымдарды Шымкент қаласының №1 Қалалық клиникалық ауруханасына өтеусіз беру Акциясы жүргізілді.
Барлығы берілген медициналық костюмдер мен аксессуарлардың саны 697 дана.
Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Кідіртілген тауарларды өткізу, пайдалану және жою, оларды тасымалдау (тасу), қайта тиеу (тиеу, түсіру), сақтау бойынша шығыстарды, кідіртілген тауарларды өткізуге дайындалуға және өткізумен байланысты өзге де шығыстарды өтеу, сондай-ақ оларды өткізуден алынған сомаларды қайтару қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 20 ақпандағы № 248 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылды.
Осыған ұқсас қайырымдылық сипаттағы іс-шаралар тәжірибелері бірінші рет еместігін атап өту керек.
Берілген тауарлар, қала тұрғындарының игілігі үшін коронавирустық пандемиямен күрестің жалпы ісіне қызмет ететініне Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сенімді.
Шымкент қаласы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Кедендік әкімшілендіру басқармасы