
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 50-бабының 17) тармақшасына сәйкес лауазымды тұлғалардың қызмет бабында өздеріне тәуелді мемлекеттік қызметшілерден және өзге адамдардан жалпы қамқорлығы немесе қызмет бабында бетімен кетушілік үшін сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдауы - мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар болып табылады.
Ал, мұндай іс-әрекеттер үшін Заңның 44-бабына сәйкес «атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығару» түріндегі тәртіптік жаза қолданылады, сонымен қатар, қылмыс құрамы болмаған жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 677-бабына сәйкес 600 АЕК көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Өз кезегінде, мемлекеттік қызметшілерге пара немесе заңсыз материалдық сыйақы берген салық төлеушілер қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Мысалы, жеке тұлғалардың мемлекеттік қызметшіге заңсыз материалдық сыйақы беруі - 200 АЕК мөлшерінде, ал, заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі - 750 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды көздейді.
Сондықтан, алдағы мейрам күндерін ескере отырып, мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері мен салық төлеушілерді заңсыз сыйлықтар мен өзге де материалдық құндылықтарды беруге және алуға жол бермеуге шақырамын.
Шымкент қаласы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаменті
басшысының орынбасары –
Әдеп жөнінідегі уәкілі
Сметов Шалхар Оңғарбайұлы