Date of publication: 03.03.2021 18:05
Date of changing: 03.03.2021 18:06

Жұмыс беруші қызметкерлер үшін уақытылы аударымдар жасамаған жағдайда, ол олардың құқықтарын бұзады. Өйткені бұл зейнеткерлік өтілін және зейнетақының мөлшерін анықтауға, сондай-ақ азаматтарды әлеуметтік қолдаудың басқа шараларына әсер етеді.

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жұмыс берушілер жеке табыс салығы бойынша декларациясында қызметкерлердің толықтай көрсетілуіне автоматтандырылған бақылауды бастады. Бұл рәсім ҚР электрондық еңбек келісім-шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркелген еңбек келісімшарттары негізінде жүзеге асырылады.

Сондықтан, Мемлекеттік кірістер комитеті салық есептілігінде барлық қызметкерлерді, олардың нақты кірістерін және зейнетақы жарналары мен әлеуметтік төлемдердің аударымын толық көрсетілу қажеттігін еске салады.

Еске сала кетейік, экономиканың жекелеген салалары үшін 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалақы қорынан жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдерді төлеуден босату енгізілген болатын.