
«Арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына арналған ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы» 2021 жылдың 31 наурызындағы № 187 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қабылданды.
Осыған сәйкес арақтарға және күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына арналған ең төмен бөлшек сауда бағасы литріне 1 980 теңге мөлшерінде белгіленді.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.