Date of publication: 19.04.2021 21:21
Date of changing: 19.04.2021 21:20

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысы Н.Көшеровтың, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаменті басшысы А.Жұмағалидың, бірінші орынбасары Т.Серікбаевтың және қалалық ақпараттық – ағартушылық штабының жетекшісі С.Мәжінбековтың қатысуымен Шымкент қаласыынң салық және кеден қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңашылдықтарды түсіндіру тақырыбында 18.03.2021 жылы онлайн-кездесу өткізілді.

Кездесуге санитарлық-карантиндык шараларды сақтай отырып, Шымкент қаласының Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.

Қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы А.Жұмағали сыбайлас жемқорлықтың салдарын, қоғамға және мемлекетке келтіретін зияны туралы түсіндірді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған тұлғаларға қатысты қолданылатын көтермелеу шаралары туралы айтып өтті.

Кездесу барысында Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев сыбайлас жемқорлық үшін жаза түрлерінің күшейтілгенін түсіндіре отырып, осы тақырыпта заңнамаға енгізілген өзгерістерді атап өтті.

Сонымен қатар, кездесу барысында ақпараттық – ағартушылық штабының жетекшісі С.Мәжінбеков қоғамдағы парасаттылық құндылықтарының атқаратын рөлі мен маңыздылығы туралы баяндама жасады.

Жиынға қатысушыларға сыбайлас жемқорлықпен күресу тақырыбында бейнеролик көрсетілді.

Шымкент қаласы бойынша МКД басшысы Н.Көшеров сыбайлс жемқоролық қызметінің басшыларына және ақпараттық – ағартушылық штабының жетекшісіне алғысын айта отырып, осындай кездесулердің салық және кеден қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттырады деген сенімін білдірді.

Сондай-ақ, қарамағындағы қызметкерлердің барлығын сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын қатаң сақтауға, заңсыздықтарға жол бермеуге  шақырды.