Жарияланған күні: 02.08.2024 17:27
Өзгертілген күні: 02.08.2024 17:29

2024 жылғы 19 шілдеде Астана қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің құрылғанына 10 жыл толуына орай Спартакиада өткізілді, оған 800 астам Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты. Спартакиада «Шағын-футбол, «Шахмат», «Волейбол», «DOTA 2» және «Counter Strike» спорттың 5 түрі бойынша ұйымдастырылды.

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің командасы, командалық ойыншылары арасында «DOTA 2» киберспорт түрінен бірінші орын және «Үздік ойыншылар» номинациясының иегерлері атанды.

2018 жылы 25 маусымда «Киберспорт» Қазақстанда ресим спорт түрі болып жарияланған болатын.