
2025 жылдың 23 маусымында Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Әуежай-Шымкент» кеден бекеті қызметкерлері кедендік бақылауды жүзеге асыру барысында «Стамбул-Шымкент» халықаралық әуе рейсімен келген жалпы салмағы 128,8 кг. (14 422 дана әртүрлі үлгіде) құрайтын декларацияланбаған «дәрілік заттары» тауарларын кідіртіп, уақытша сақтау қоймасына орналастырған.
Кедендік бақылау кезінде «Д» жолаушы ЕАЭО аумағына әкелуге рұқсат қағаздары және де қолдану бойынша тәртібі болмаған. Осыған орай, кеден бекеті аталған жолаушыға қатысты әкімшілік жауапкершілікке тарту жұмыстары жүргізілуде.
«Тарифтік емес реттеу шаралары туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне сәйкес, ЕАЭО аумағына «дәрілік заттарды» мемлекеттік тізіліміне енгізу мәліметі болған жағдайда әкелуі жүзеге асыралады.
Шымкент қаласы бойынша Мемлдекеттік кірістер департаменті азаматтарға кедендік шекара арқылы тыйым салынған заттарды тиісті рұқсат құжатынсыз өткізгені үшін жауапкершілікті ескертеді.