Жарияланған күні: 26.06.2024 09:31
Өзгертілген күні: 26.06.2024 09:33
23.05.2024 ж. Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінде оқу орнының оқытушылары мен студенттері үшін жалпыға бірдей декларациялау нормаларын, "ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы" Заңын түсіндіру бойынша семинар-кеңес өткізді. Семинар барысында жалпыға бірдей декларациялау кезеңдері туралы айтылып, ағымдағы жылы 250.00 нысанын оқытушылар да ұсыну керектігіне ерекше назар аударды. Банкроттық рәсімдері - соттан тыс банкроттық, сот банкроттығы, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру түсіндірілді. Іс-шара барысында қатысушылар ҚР ҚМ МКК өнімдерімен танысты, E-Salyq Azamat" арқылы декларация нысанын тапсыру тұралы айтылды Сонымен қатар, "SalyqBot" салық кеңесшісін мүмкіндіктерне назар аударылды.
Іс-шараның қорытынды бөлігінде мемлекеттік кірістер органдарының ардагері Л.Козбахов сөз сөйледі, ол өзінің кезеңінде салық жүйесі реформаланғанын, салық салу жүйесі өзгергенін және реформалаудың бүкіл процесі салық заңнамасын үнемі жетілдіруге, салық төлеушілердің бюджетімен өзара қарым-қатынас жағдайларын жақсартуға бағытталғанын атап өтті.
Мемлекеттік кірістер органдарының ардагері өскелең ұрпақтың назарын оқуға деген жауапкершілік, сапалы білім алу, экономикалық және салықтық сауаттылық, әлеуметтік жауапкершілік және азаматтық сана туралы аударды.