
Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2019 жылдың желтоқсан айының 31-не кәсіпкерлердің фискалдық жады бар бақылау-касса машиналарын міндетті түрде онлайн режимде қолдануға көшу мерзімі аяқталады.
Осылайша, өз қызметінде ақшалай есеп айырысулар мен төлем карталары арқылы жүзеге асыратын барлық кәсіпкерлерге салық режимінің түріне қарамастан 2019 жылдың 31.12. дейін онлайн – БКМ сатып алу және салық органдарында тіркеу қажет.
Бұл ретте, салық төлеушілер үшін онлайн -БКМ енгізу кезінде онлайн-БКМ тіркеу рәсімі енгізіліп, бір күн ішінде тіркеуге алады .
Сонымен қатар, патент және оңайлатылған мағлұмдама негізінде арнаулы салық режимін қолданатын субъектілер үшін онлайн БКМ сатып алу кезінде төленетін салық сомасы 60 мың теңгеден аспайтын сомаға азайтылады. Алайда, бұл преференциялар кәсіпкерлердің 2019 жылы ғана онлайн -БКМ сатып алуына қатысты.
2020 жылдың қаңтар айының 1-нен бастап ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіндегі айыппұл төлеу түріндегі бақылау-кассалық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту бөлігіндегі өзгерістер күшіне енетінін хабарлаймыз.
Шымкент қаласы бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасы