
Құрметті салық төлеушілер, қазіргі таңда Республикамызда жүргізіліп жатқан саясаттың негізгі бағыттарының бірі, шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсету. Атап айтқанда, құжат айналымын азайтып, уақыт үнемдеу үшін, кәсіпкерлерге бір терезе қағидасы арқылы қызмет көрсету, қызметтерді электронды түрде (online) көрсету, мемлекеттік органдармен жүргізілетін тексерулерді барынша азайту және тағы сол сияқты қолдау саясаты жүзеге асырылуда.
Дегенмен, мемлекет тарапынан біршама жеңілдіктер жасалғанның өзінде, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен жасалатын заң бұзушылықтар азаймай отыр. Бүгінгі күнге, құқық бұзушылықтардың жиі тараған түрлерінің бірі ол, «Акцизделетін тауарлардың айналымы барысында жасалатын заң бұзушылықтар».
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі №429 «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңына сәйкес, алкоголь өнімін:
- тиісті лицензиясы болмаса;
- Ілеспе жүкқұжаттары жоқ, сондай-ақ этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және пайдалану қағидаларын бұза отырып жасалған, этил спирті мен алкоголь өнімінің айналымына және олардың орнын өзгертуге;
- есепке алу-бақылау маркасымен таңбалануға жататын болса да есепке алу-бақылау маркасынсыз, сондай-ақ белгісіз бір үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге келмейтін маркасы бар;
- арақтарды және айрықша арақтарды, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарын бөлшек сауда бағаларынан төмен бағамен;
- Салық кодексінде белгіленген мерзімдерде және мөлшерде жыл сайынғы лицензиялық алым төленбесе;.
- есепке алу-бақылау маркаларының қорғау элементтерін айқындайтын және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануға жататын алкоголь өнімінің есепке алу-бақылау маркаларынан ақпаратты оқитын аспаптары болмаса, сақтауға және өткізуге тыйым салынады.
Аталған Заңның талаптары бұзылып, алкоголь өнімінің айналымы саласында, жоғарыда көрсетілген құқық бұзушылықтар жасалған жағдайда, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес, әкімшілік шаралар қарастырылған.
Құрметті салық төлеушілер, Сіздер, еліміздің дамуымен өркендеуіне өздеріңіздің зор үлес қосатындарыңызды естеріңізге саламыз. Осыған орай, Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерлерлік субъектілерін, жоғарыда аталған заң талаптарын сақтап, оңтайлы және дұрыс салық менталитетін қалыптастыруға шақырады.