
06.05.2021 жылы «Antikor Live» жобасы шеңберінде Әл-Фараби ауданы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Б.Ашенов Басқарманың жұмысы туралы сөз сөйледі.
Тікелей эфир барысында Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының 2021 жылдың 1 тоқсанында атқарған жұмысы мен салықтық әкімшілендірудің өзекті мәселелері туралы сөз етілді.
Сонымен қатар, Басқарма басшысы Б.Ашенов жеке тұлғалар тарапынан жиі қойылатын сұрақ көлік салығын төлеу мерзімі туралы атап өтті.
Кездесу барысында Б.Ашенов көрермендер мен қала тұрғындарын салықтық тәртіпті сақтауға шақырды.