Жарияланған күні: 21.09.2018 14:41
Өзгертілген күні: 21.09.2018 14:43

        Ағымдағы жылдың 22 тамызында Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің  Түсіндіру жұмыс басқармасының басшысы Ә.Ш.Лесов, Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасының бас маманы Б.Омартаев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер Палатасының жергілікті филиалының мәжіліс залында Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодексін қолдану барысында туындаған сұрақтарға түсіндірме беру үшін Шымкент қаласының салық төлеушілерімен кездесу өткізді.

Басқарма басшысы Ә.Лесов салық төлеушілердің құқықтық сауаттылығын және салықтық мәдениетін көтерудің маңыздылығына тоқтала келе, өзекті сұрақтар  арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерде жиі туындайтынын атап өтті.

 Департамент мамандары  Қазақстан Республикасының Салық  кодексіндегі салық режимдерін қолдану ерекшеліктерін кеңінен баяндай келе, салықтық есептіліктерді тапсыру қажеттілігі мен мерзімдеріне баса назар аударды.

Сонымен қатар, Департаменттің Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасының бас маманы Омартаев Бауыржан салық төлеушілермен жиі қойылатын тіркелген шегерімді пайдалана отырып арнаулы салық режимiн қолдану бойынша сұрақтарға тұжырымды жауаптар берді.

Атап айтқанда, тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші салық салынатын кірісті айқындау кезінде шегерімге жатқызылатын шығыстар сомасына Салық кодексінің 691-бабының 4-тармағында көзделген түзетулерді ескере отырып айқындалған кіріс сомасының 30 пайызынан аспайтын мөлшердегі тіркелген шегерім сомасын қосуға құқылы.

      Бұл ретте, Салық кодексінің 693-бабының бірінші бөлігінің ережелерін қолданған жағдайда тіркелген шегерімді қоса алғанда, шегерімге жатқызылатын шығыстардың жалпы сомасы Салық кодексінің 691-бабының 4-тармағында көзделген түзетулер ескеріле отырып, кіріс сомасының 70 пайызынан аспауға тиіс.

Кездесу барысында мамандар ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ұйымдастыруымен, Атамекен ҰҚП қолдауымен «Түбіртекті талап ет-жүлде ұтып ал!» жалпыреспубликалық акциясының өтіп жатқандығын салық төлеушілердің назарына жеткізіп, шараға белсенді атсалысуға шақырды.

Басқосу соңында Салық заңнамасына қатысты туындаған басқа да  сұрақтар талқыланып, мамандармен толық жауаптар берілді.

 

Шымкент қаласы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті