Жарияланған күні: 25.09.2019 15:27
Өзгертілген күні: 25.09.2019 15:27

Бүгінгі таңға берешек сомасының негізгі қарызың төлеген Шымкент қаласының 14,6 мың салық төлеушілерінің 18,5 млн. теңге өсімпұлы шегерілген.

         Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеуші-жеке тұлғалардың ағымдағы жылдың 16 маусымынан Салықтық рақымшығы басталғаның назарына салады. Орындалмаған салықтық міндеттемелері бар жеке тұлғалар (көлік салығы, мүлік салығы, жер салығы, жеке табыс салығы, жер учаскесін қолданғаны үшін төлем, және жеке тұлғаның басқа міндеттемелері). 2019 жылдың 1 қаңтар жағдайына салық кезеніне салық міндеттері бойынша туындаған бересі сомасын төлеген жағдайда, 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шотында есептелінген өсімпұл сомалары, сондай-ақ күніне дейін, есептелген өсімпұл сомалары рақымшылыққа жатады.

         Сонымен қатар, кәсіпкерлік қызметі бойынша он бес жыл бұрын пайда болған жаңылыс салықтық берешегі бар, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын жеке тұлғаларға қатысты, яғни осындай жеке тұлғалар бұрынырақ кәсіпкерлік қызметпен айналысқандары туралы мемлекеттік кірістер органдарында ақпараттар жоқ болуы. Осы категория бойынша салықтық берешектің жалпы сомасын есептен шығаруы тиіс.

         Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, салық берешегі бар азаматтарды мемлекет тарапынан есептелген өсімпұл түріндегі санкциясыз, өз салықтық міндеттемелерін орындау мүмкіндігін пайдалануға шақырды.

 

Шымкент қаласы бойынша МКД

Түсіндіру жұмыс басқармасы.