Жарияланған күні: 23.12.2019 18:00
Өзгертілген күні: 23.12.2019 18:01

Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының 99-бабына сәйкес банкроттықты басқарушы банкроттың (борышкердің) мүліктерін сатуда сату жоспарына сәйкес немесе тікелей сату әдісімен  электрондық аукцион арқылы сатады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 178 бұйрығымен бекітілген борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөніндегі электрондық аукцион ұйымдастырушысын анықтау және жүргізу Ережесінің  2-тармағының 10) тармақшасына сәйкес борышкерлердің мүлкін сату бойынша электрондық дерекқорға кірудің бірыңғай орны www.gosreestr.kz                        мемлекеттік мүлік тізілімінің web-порталы болып белгіленген.

Бұл ретте, Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімдерімен «Южполиметалл ӨК» АҚ банкрот деп танылып, банкроттық рәсім қозғалған.

«Южполиметалл ӨК» АҚ атына тіркелген жер телімдерін сату мақсатында банкроттықты басқарушымен  www.gosreestr.kz  web-порталында электрондық аукционға қойылуда.  

Борышкерлердің мүлкіне потенциалды сатып алушылардың шеңберін электрондық аукцион арқылы хабардар болу деңгейін арттыру, сонымен қатар сатып алушылардың саның ұлғайту мақсатында, электрондық аукцион арқылы  сатылымға «Южполиметалл ӨК» АҚ мына төмендегі мүліктер қойылады:  

  • Кентау қ. 029 кварт., 006 уч. орналасқан 34,0776 Га жер телімімен бірге ПМС ғимараты; 
  • Шымкент қ., Абай даңғ.,2 үй мекен-жайында орналасқан жер телімдері (әр түрлі Га көлемінде) жеке меншік құқығымен сатылады. 

Барлық туындаған сұрақтар бойынша Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Оңалту және банкроттық басқармасына  (7252) 35-46-27 телефон арқылы хабарласуға немесе  www.gosreestr. kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы арқылы мәлімет алуға болады.

 

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің

Берешектермен жұмыс басқармасы