
19.05.2022 жылы «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес төрағасы Н.С.Жаңабаев пен Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі – басшысының орынбасары Е.Тұрысовтың қатысуымен Шымкент қаласының Мемлекеттік кірістер басқармалары, кеден бекеттері мен Шымкент қаласындағы кедендік сараптамалар және зерттеулер бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен кездесу өтті.
Кездесу барысында кеңес төрағасы Н.С.Жаңабаев қатысушыларға Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы бойынша баяндама жасап, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдерін түсіндіріп өтті
Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңесінің жұмыс қорытындысын, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру, құндылықтарды өзгерту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру, заң аясында қызмет жасауға, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге және 05.06.2022 жылғы республикалық референдумге қатысуға шақырды.
Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі Е.Тұрысов мемлекеттік қызметшілерге қойылған талаптар мен қызметтік этика ережелерін түсіндіріп, қатысушыларды жұмыста және жұмыстан тыс уақытта қоғам тарапынан сын ескертпелерге жол бермеуге және әдеп ережелерін сақтай отырып, мемлекеттік қызмет сапасын арттыруға бағыталғанын атап өтті.
Отырыс барысында, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және профилактикасы бойынша өзге де мәселелер талқыланды.