Жарияланған күні: 09.08.2019 17:47
Өзгертілген күні: 09.08.2019 17:54

Ағымдағы жылдың 9 тамыз күні Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (әрі қарай-Департамент) бастамасымен, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Шымкент қалалық филиалының бірлесуімен салық төлеушілерді онлайн-БКМ өткізу және мобильдік қосымшаларды қолдану мәселелері бойынша ірі сауда үйлері және базарлардың басшыларының қатысуымен семинар-кеңес өтті.

Семинарды Департамент басшысының орынбасары Нұрпейіс Таңсықбайұлы Құлымбетов жүргізді. Ол өз кіріспе сөзінде, Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мен заңның үстемдігін қамтамасыз етуде мемлекеттік кірістер органдарымен тұрғындар мен бизнес өкілдерімен үрдістерді цифрландыру маңызды орын алатындығын,  онлайн-БКМ қолдануға кезең-кезеңімен көшу, салық төлеушілердің қызметінің мөлдірлілігін қамтамасыз етіп, мемлекеттік бюджетке түсімдердің ұлғаятынына баса назар аударды.

Кейіннен, Департаменттің Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасының басшысы Ахметов Ұлан Қуандықұлы баяндама жасады. Өз сөзінде, салық төлеушілердің онлайн-БКМ қолдануға толық өтуін және онлайн-БКМ мобильдік қосымшаралын қолданудағы пайдасымен оңайлығын атап өтті. Сонымен қатар, семинарға қатысушыларды сауда орындарын жалға алушыларға мобильдік қосымшалардың мүмкіншіліктері туралы толық жеткізуге шақырды. 

Сонымен бірге, Салық және Кедендік кодекстердің барлық жаңашылықтары мен оңайлатулары кәсіпкерлік пен сыртқы экономикалық қызметті жүргізуді жеңілдету мен отандық экономиканы дамыту үшін жағдай жасауға арналған. 

Семинар барысында салық төлеушілердің туындаған сұрақтары талқыланып, мамандармен толыққанды жауаптар берілді.

 

 

                                                        Шымкент қаласы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті