Жарияланған күні: 25.04.2019 11:00
Өзгертілген күні: 25.04.2019 11:06

Тауарларды өткізу, жұмыстарды атқару, қызметтерді көрсету кезінде іске асырылатын (тауарларды  қозғалысын бақылау), ДБФ-мен БКМ-ның мәліметтеріне камералдық бақылау жүргізу мақсатында, БКМ чегінде көрсетуге жатқызылатын ақпараттар тізбесі кеңейтілген, атап айтқанда келесі мазмұнмен толықтырылған:

1) тауарлар, жұмыстар, қызметтер бірлігі үшін баға;

2) тауарлар, жұмыстар, қызметтер атауы;

3) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің саны, олардың өлшем бірлігі;

4)  тауарлар, жұмыстар, қызметтерді сатудың жалпы сомасы;

5) егер салық төлеуші қосымша құн салығының төлеушісі болып табылған жағдайда- тауарлар, жұмыстар, қызметтерді өткізу бойынша айналымдарға қосымша құн салығының айналымы бойынша мөлшерлемені көрсете отырып, қосылған құн салығының сомасы;

6) бақылау-кассалық машинасын қолдану орнының мекенжайы;

7) бақылау-кассалық машинасының чегі туралы кодтау түріндегі ақпараты бар, штрихты код.

         Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөліміндегі 9) және 15) тармақшасының ережесі деректерді беру функциясы жоқ бақылау-кассалық машиналарына қолданылмайды.

         Жоғарыда көрсетілген БКМ чегінің мазмұнына толықтыруларды енгізу үшін, салық төлеушілерге тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атаулары тізбесін өз бетінше жасау және БКМ техникалық қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет.

         БКМ чегіндегі штрихты кодын көрсету, ДБФ-мен БКМ-на ФДО-нан кодты автоматты беру жолымен жүзеге асырылатын болады.

         Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің бірыңғай номенклатурасы анықталмағандығын қосымша ескертеміз.

         Сонымен бірге, БКМ техникалық қызмет көрсету орталықтарымен көрсетілген БКМ чегінің қосымша мазмұнын өз бетінше енгізу бойынша толық нұсқаулығы әзірленетін болады.

         БКМ Мемлекеттік тізіліміне енгізілген БКМ барлық үлгілері, чектің қосымша мазмұнын көрсетеді, сондықтан салық төлеушілермен БКМ ауыстырудың қажеттілігі жоқ.

         «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 284-бабы 7-тармағына сәйкес БКМ чегінің қосымша мазмұнын көрсетпеу бойынша әкімшілік шаралары көзделмегендігін атап өту қажет.

 

Түсіндіру жұмыс басқармасы

Шымкент қаласы бойынша МКД