Жарияланған күні: 14.05.2020 18:04
Өзгертілген күні: 14.05.2020 18:04

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Шымкент қаласының тұргындарын тауар сатып алу, қызмет көрсетілген кезінде чектерді талап етуге шақырады.

            Чекті талап етуде бір қатар әлеуметтік-экономикалық мәселе жатыр, олар:

            -Біріншіден азаматтардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді тұтынушы ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелерінде құқықтық мәдениеттерін тәрбиелеу;

            -Екіншіден көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту және кәсіпкерлердің арасында адал бәсекеге қабілеттілікті ынталандыру;

            -Үшінші халықтың әл ауқатын жақсарту.

            Құрметті тұрғындар! БКМ фискалдық чегін бермеген жағдайда өздеріңіздің азаматтық ұстанымызды, заң бұзушылыққа төзбеушілігін білдіруге шақырады.

            Ағымдағы жылдың 12 мамырынан 1 желтоқсанға дейін «Wipon» мобильді қосымшасы арқылы өткізіліп жатқан  «Түбіртекті талап ет - жүлдені ұтып ал!»  акциясына белсенді түрде қатысуға шақырамыз.

Түсіндіру жұмыс басқармасы.