Жарияланған күні: 21.06.2019 18:01
Өзгертілген күні: 21.06.2019 18:14

«Чекті талап ет-жүлдені ұтып ал!» Акциясының жүлдегерін,  Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының тұрғынын Олжас Ердәулетұлы Нартбаевты Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 7 айфон ұтысымен марапаттады.

         Департамент басшысының орынбасары Ерлан Әлімқұлұлы Тұрысов бақытты жеңімпазға айфон жетінші моделін сыйға тартып, азаматтық белсенділігін танытқаны және Акцияға қатысқаны үшін алғысын айтты.

         «Шаһарымыздың әр тұрғыны, сауда-саттық жасағанда немесе қызмет түрін алған кезде, бақылау-касса машинасының чегін талап ету арқылы көленкелі экономиканы төмендетуге және табысқа салық салу мөлшерін көбейтуге зор үлесін қосатындығын»  өз сөзінде айтып кетті Тұрысов Е.Ә.

         Ұтыс иесі өзінің телефон нөмірін жүлдегерлер тізімінде көрген сәтте, құанышқа бөленгенің айтып –Барлық тұрғындарды Акцияға белсенді қатысуға шақырды.

         Жалпы республикалық ауқымды «Чекті талап ет-жүлдені ұтып ал!» Акциясы ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап 8 тамызға дейін жалғасын табады.

         Акция кезінде Қазақстанның әрбір тұрғыны кез келген затты сатып алу немесе ақылы қызметті қолдану кезінде смартфон ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. Тек тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төленген сомаға берілетін чектерді  «Таңдау» мобильдік қосымшасында тіркесе болды. Акцияға тек деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналардың чектерін (Онлайн БКМ) чектері қатысады.

         Акцияны өткізудің мақсаты азаматтық белсенділікті арттыру, азаматтардың тауар, жұмыс және қызмет тұтынушысы ретіндегі өз мүдделерін қорғау бойынша құқықтық мәдениетін қалыптастыру, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту болып табылады.

         «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал» кең ауқымды республикалық акциясына кез келген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде Онлайн БКМ чектерін алған Қазақстанның азаматтары қатыса алады.           Акцияның толық шарттарын және қосымшамен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықты www.trebui.kz сайтынан көруге болады.

        

Шымкент қаласы бойынша МКД

Түсіндіру жұмыс басқармасы