Жарияланған күні: 14.11.2018 10:05
Өзгертілген күні: 14.11.2018 10:07

Шағын және орта бизнес үшін «салық амнистиясы» 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүргізілетін болады.

Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында «Бизнесті заңсыз әкімшілік қысымнан және қылмыстық қудалау қаупінен қорғауды арттыра түсу керек»-деп, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық заңнамасының бұзылуы жөніндегі қылмыстық жауапкершіліктің қолданылу шегін, айыппұлды өсіре отырып, 50 мың айлық есептік көрсеткішке дейін арттыруды тапсырды.

Елбасы Үкімет үш жыл ішінде экономикадағы көлеңкелі айналымды кем дегенде 40 пайызға қысқарту үшін нақты шаралар қабылдауға тиістігін атап өтті. «2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап "салық амнистиясын" жүргізуге кірісуді тапсырамын» -деп айтты Елбасы. Өсім мен айыппұлды алып тастау, салықтың негізгі сомасы төленген жағдайда жүзеге асырылатын болады.

 

Түсіндіру жұмыс басқармасы

Шымкент қаласы бойынша МКД