Жарияланған күні: 19.10.2018 15:51
Өзгертілген күні: 19.10.2018 15:52

Мемлекеттік кірістер органдарында салықтық бақылау жүргізудің басым нысандарының бірі камералды бақылау жасау. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 94-бабына сәйкес, салық төлеушi (салық агенті) ұсынған салықтық есептілікті, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу және талдау негiзiнде салық органдары жүзеге асыратын бақылау камералдық бақылау болып табылады.

Камералдық бақылаудың мақсаты Салық органдарында тіркеу есебіне қою және (немесе) осы Кодекстің 96-бабына сәйкес салықтық есептілікті ұсыну және (немесе) салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді төлеу арқылы салық органдары камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды салық төлеушіге дербес жою құқығын беру болып табылады.

Камералды бақылау талап қою мерзімінде, яғни 5 жылда жүзеге асырылады.

Камералдық бақылау салық органдарында бар мынадай деректерді:

      1) салықтық есептілікті;

      2) өзге де мемлекеттік органдардың салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерін;

      3) салық төлеушінің қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді;

      4) осы Кодексте белгіленген өзге де есептілікті салыстыру арқылы жүргізіледі.

Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда:

      тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтар бойынша – анықталған бұзушылықтардың сипаттамалары қоса берiле отырып, камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама;

      тәуекел дәрежесі орташа бұзушылықтар бойынша – анықталған бұзушылықтардың сипаттамалары қоса берiле отырып, камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама ресiмделедi.

         Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық есептілікте бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мәлімет үшін жіберіледі.

        

Түсіндіру жұмыс басқармасы

Шымкент қаласы бойынша МКД