Жарияланған күні: 02.08.2024 17:10
Өзгертілген күні: 02.08.2024 17:12

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің хаттамалық тапсырмасын орындау шеңберінде, департаментпен "сапа үйірмесі" құрылды. Бұл үйірменің негізгі міндеті- жұмыс тиімділігіне әсер ететін мәселелерді анықтау, сондай-ақ орын алған проблемаларды жою бойынша ұсыныстар дайындау. Үйірменің кезекті отырысында, жұмыстың орындалу сапасын жақсарту үшін, шығармашылық идеяларды анықтау үшін талқылау және талдау түріндегі шағын конкурс өткізілді. Үздік жобалар мен ұсыныстар салтанатты іс-шарада марапатталады.