Жарияланған күні: 25.04.2025 16:48
Өзгертілген күні: 25.04.2025 16:52

«Keden» ақпараттық жүйесінде жолаушылар кедендік декларациясын іске қосу



Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Keden» кедендік ақпараттық жүйесін кезең-кезеңімен енгізу шеңберінде «Жолаушы кедендік декларациясы» функционалын іске қосуда.



2025 жылдың 22 сәуір сағат 00:00-ден бастап, мұндай декларацияларды кедендік ресімдеу «Keden» ақпараттық жүйесінде кедендік декларация толтыру арқылы жүзеге асырылады.



Сондай-ақ, жеке тұлғалардың «E-salyk Azamat» мобильді қосымшасы арқылы жолаушылар кедендік декларациясын ұсынуының баламалы мүмкіндігі сақталғанын атап өтеміз.