
Кедендік бақылау басқармасы Шымкент қаласы бойынша МКД тауарларды шығарғаннан кейін "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 46, 47-тарауларына сәйкес камералдық және көшпелі кедендік тексерулер жүргізу жолымен тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асырады.
Бөлімшенің негізгі міндеттерінің бірі кеден заңнамасын бұзушылықтарды анықтау, талап қою мерзімі шегінде тауарларға шығарылған декларацияларды Кедендік бақылау нәтижелері бойынша бюджетке қосымша резервтерді іздестіру болып табылады.
Кедендік тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтардың негізгі түрлері:
- кедендік құнды төмендету, тауарларды дұрыс декларациялау;
- мақсатсыз пайдалану, шартты түрде шығарылған тауарларды, сондай-ақ тауарлар әкелінген ҚҚС төлеуге есепке жатқызу әдісімен;
- СЭҚ ТН коды бойынша тауарларды дұрыс емес жіктеу.
Жалпы кедендік тексерулердің нәтижелілігінің пайызы 100% құрайды. Пост-кедендік бақылау бағыты бойынша 45 кедендік тексеру жүргізілді, жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша қосымша 468,5 млн.теңге есептелді, мемлекеттік бюджетке 79 млн. теңге өндірілді.
Екі материалға қатысты 237,2 млн.теңге сомаға кедендік тексерулер бойынша сотқа талапарыз берілді. Бірінші сатыдағы сот органы Департаменттің пайдасына шешім шығарды. Сонымен қатар, Департамент жүргізген кедендік тексерулер нәтижесінде Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 555-бабы бойынша 13 әкімшілік іс қозғалды, айыппұл сомасы 1,6 млн.теңгені құрады, бұл айыппұл сомасы толығымен өндіріп алынды.
Бір ЖШС-не қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 286-бабы "айналыстан алынған заттардың немесе айналымы шектелген заттардың контрабандасы" бойынша қылмыстық іс қозғалды, онда бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде (12,6 млн.теңге) айыппұл түрінде не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу түрінде жауапкершілік көзделген.
2014-2018 жылдар аралығында тауарларға ресімделген декларациялардың деректерін салыстыра отырып, тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі. Зияткерлік меншік объектілері бойынша лицензиялық төлемдерді енгізбеу жолымен кедендік құнды төмендету мәніне, жеңілдіктер берілген шартты шығарылған тауарлар және импорт кезінде ҚҚС есепке алу әдісімен төленген тауарлар бойынша жұмыс жүргізілуде.
"Астана-1" ақпараттық жүйесін енгізумен бөлімшенің құзыретіне тауарлар шығарылғаннан кейін бақылау жүргізілетін жасыл және көк дәлізде шығарылған тауарларға арналған декларациялар да ауысты.
Тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылау басқармасы