Жарияланған күні: 21.12.2018 17:33
Өзгертілген күні: 21.12.2018 17:34

                Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» кодексінің 91,92,93-баптарына сәйкес кедендік әкелу баждарын төлеу мерзімдерін өзгерту кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу нысанында жүзеге асырылады.

         Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу төлеушінің тиісінше кейінге қалдырылған немесе бөліп төленетін соманы біржолғы ретпен немесе кезең-кезеңмен төлеу арқылы кедендік әкелу баждарын төлеу мерзімін өзгертуді білдіреді.

         Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу төленуге жататын барлық сомаға қатысты не осы соманың бір бөлігіне қатысты беріледі.

  • Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру үшін пайыздар төлей отырып, кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру тауарлар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес шығарылған күннен кейінгі күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімге беріледі.
  • Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар төлемей, кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу мынадай негіздердің бірі болған:

         1) кедендік әкелу баждарын төлеушіге дүлей зілзала, технологиялық апат немесе өзге еңсерілмейтін күш мән-жайлары салдарынан нұқсан келтірілген;

         2) кедендік әкелу баждарын төлеушіге мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру немесе осы тұлға орындаған мемлекеттік тапсырысқа ақы төлеу кідіртілген;

         3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары шеңберінде өнім берулер жүзеге асырылған;

         4) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын ұйымдары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына көшет немесе егу материалдарын, өсімдіктерді қорғау құралдарын, ауыл шаруашылығы техникасын, асыл тұқымды мал шаруашылығы объектілерін (асыл тұқымды ауыл шаруашылығы жануарларын, құстарды, балықтарды және асыл тұқымды мал шаруашылығының басқа объектілерін), асыл тұқымды өнімді (материалды), жануарларды азықтандыру үшін пайдаланылатын өнімдерді әкелген не олар көрсетілген ұйымдар үшін берілген кезде тауарлар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес шығарылған күннен кейінгі күннен бастап алты айдан аспайтын мерзімге беріледі. Өздеріне қатысты кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу берілуі мүмкін көрсетілген тауарлардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес кодтары көрсетілген тізбесін Комиссия айқындайды;

         5) Комиссия айқындайтын өзге де негіздер болған кезде тауарлар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес шығарылған күннен кейінгі күннен бастап алты айдан аспайтын мерзімге беріледі.

  •  Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар төлей отырып, кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу өнеркәсіптік қайта өңдеуде пайдалану үшін тауарларды, оның ішінде шикізатты, материалдарды, технологиялық жабдықты, оның жасақтаушы және қосалқы бөлшектерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу сияқты негіз болған кезде, алты айдан аспайтын мерзімге беріледі.         Тауарлардың тізбесі Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес кодтары, сондай-ақ осындай тауарларды өнеркәсіптік қайта өңдеуге пайдалануға арналған тауарларға жатқызу шарттарын Комиссия айқындайды.

         Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу кедендік әкелу баждарын төлеушінің өтініші негізінде кеден органының шешімі бойынша беріледі.

         Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуы қамтамасыз етілген жағдайда беріледі.

         Берілген кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді пайдаланудың әрбір күні үшін тауарлар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес шығарылған күннен кейінгі күннен бастап кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндет тоқтатылған күнге дейін пайыздар төленуге жатады.

         Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін және пайыздарды есепке жазу үшін қолданылатын қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 1/360 мөлшерінде төленуге жатады.

 

 

Шымкент қаласы бойынша МКД

Тарифтік реттеу басқармасы