
Кең таралған пайдалы қазбаларға арналған пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу барысында өндірілген пайдалы қазба көлемінің бір айлық есептік көрсеткіштің мөлшері негізге алына отырып есептеледі және қолданатын ставкалары төмендегідей:
№ п/п |
Пайдалы қазбалардың атауы |
АЕК мөлшермесі |
1. |
Метаморфалық қазбалар бойынша : мәрмәр, кварцит, кварцтық-далалық шпат түрлері |
0,02 |
2. |
Магматикалық тау қазбалары бойынша: гранит, сиенит, диорит, габбро, риолит (липарит), андезит, диабаз, базальт, вулкандық туфтар, шлактар, помпалар, вулкандық шынылар және шыны тектес қазбалар бойынша (перлит, обсидиан |
0,02 |
3. |
Шөгінді тау жыныстары: жұмыртастар мен қиыршық тас, қиыршық тас-құмды (құмды-қиыршық тасты) қоспа, құм және құмтастар, саз және сазды жыныстар (саздақ топырақ, алевролиттер, аргиллиттер, сазды тақта тастар), ас тұзы, гипстік жыныстар, мергельдер, әктастар, оның ішінде қабықшалар, борлы жыныстар, доломиттер, әктас-доломитті жыныстар, кремний жыныстары (трепел, опока, диатомит), табиғи пигменттер, шымтезек |
0,04 |
4. |
Емдік балшық |
0,02 |
Мысалы
1 АЕК көрсеткішінің 0,04 мөлшермесі 96,2 теңгені құрайды.
Жер қойнауын пайдаланушы 10,0 мың куб құм тас өндірген жағдайда ПҚӨС келесідей есептелінеді.
10 000 куб * 96,2 = 962 000 теңге ПҚӨС
Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті