Жарияланған күні: 23.12.2019 17:16
Өзгертілген күні: 23.12.2019 17:23

Қурметті автокөлікиелері!!! Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, жеке тұлғалардың 2019 жылға көлік салығын 2019жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей төлеу қажеттігін ескертеді. Көлік құралы салығын төлеушілер болып табылмайды:

          -Ұлы Отан соғысының қатысушылары және мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестiрiлетiн адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, Кеңес Одағының батырлары мен Социалистiк Еңбек ерлерi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған, үш дәрежелі Даңқ орденiмен және "Отан" орденiмен наградталған адамдар, "Батырана" атағына ие болған немесе "Алтын алқа" не "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар – салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша;

     -меншiгiнде мотоколяскалары мен автомобильдерi бар мүгедектер –салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша.

          Жеке тұлға салықтық кезең ішінде бiр автокөлiк құралы бойынша (қозғалтқышының көлемі 4000 текше сантиметрден асатын, оған қатысты 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін уәкілетті мемлекеттік органда көлік құралының меншік иесінің ауысуына байланысты тіркеу әрекеттері жүргізілген жеңіл автомобильден басқа) қолданылады.

Көлік салығы жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша төленеді.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтында орналасқан «Электрондық сервистар» / «Калькуляторлар» бөлімінде «Көлік    құ ралдары салығы бойынша есеп-қисабы» сервисі арқылы 2019 жылдың көлік салығының сомасын есептеуге болады.

Екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылыда kaspi.kz, homebank.kz жәнет.б. төлеуге болады.

Сонымен қатар, 2019 жылдың 16 шілдесінен бастап 31 желтоқсанға дейін жеке тұлғалардың салықтық рақымшылығы өтетінің хабарлайды, яғни  жеке тұлғаларға жер, көлік, мүлік салықтар бойынша қарыздың негізгі соманы төлеген кезде үш жұмыс күн ішінде өсімпұл сомасын есептен шығарылады.

        

            Қарыз сомасын Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтында «Салықтық берешегінің жоқ/бар екендігі туралы мәліметтер» бөлігінде көруге болады.

 

Негізгі қарыз сомасын төлеуге және қарызсыз Жаңа жылды қарсы алуға шақырамыз!!!

 

                                                                  Шымкент қаласы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінің

Түсіндіру жұмыс басқармасы