Жарияланған күні: 17.10.2018 09:39
Өзгертілген күні: 18.10.2018 09:29

Көшеров Нұралхан Оралбайұлы 1984 жылдың 20 желтоқсанында Шымкент қаласына дүниеге келген. Білімі жоғары, 2005 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетін «экономика» мамандығы және 2007 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолы 2005 жылы бухгалтер-инспектор қызметінен бастаған. 2007-2008 жылдары ҚР Парламент Мәжілісінің аппараты, депутат көмекшісі қызметін атқарған.

Салық саласындағы қызметін 2008-2009 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінде салықтық заңнамаларды түсіндіру және жетілдіру басқармасының сарапшысы лауазымынан бастаған.

2009-2015 жылдар аралығында Астана қаласы бойынша Салық департаментінде және аудандық басқармаларында бірқатар лауазымдарды атқарған.

2015 жылдан бастап 2018 жылдың шілдесі аралығында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, 2018 жылдың тамызынан қазаны аралығында Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №1152-ж бұйрығымен Құлымбетов Нұрпеис Тансықбайұлы Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары (салық қызметі бойынша) лауазымына тағайындалды.

Құлымбетов Нұрпеис Тансықбайұлы, 1974 жылдың 31 тамызында Ташкент облысында дүниеге келген. 1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек өтілін Сайрам аудандық прокуратурасында прокурор көмекшісі қызметінен бастаған. 2009 жылдан бастап қызмет өтілін салық органдарында жалғастырып, Төлеби ауданы бойынша Салық басқармасының  бас маманы, Шымкент қаласы бойынша Салық басқармасы жанама салықтар және бейөндірістік төлемдер бөлімінің бастығы, Шымкент қаласы бойынша  салық басқармасы  уәкілетті органдармен жұмыс жүргізу бөлімінің бастығы лауазымдарын атқарған.

2011 жылы  Мақтаарал ауданы бойынша салық басқармасы  бастығының  орынбасары лауазымына тағайындалған.

2012 жылдан бастап 2014 жыл аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің бірнеше лауазымында, ал 2014 жылдан бастап 2018 жылдың қыркүйегі аралығында банкроттық және  оңалту басқармасының басшысы, борыштармен жұмыс  басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

Қызметтегі нәтижелі еңбегі үшін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің  Құрмет грамотасымен, ОҚО бойынша МКД басшысының Алғыс хатымен және «Еңбек озаты» төсбелгісі, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалдарымен наградталған.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №1153-ж бұйрығымен Тұрысов Ерлан Әлімқұлұлы Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары (кеден қызметі бойынша) лауазымына тағайындалды.  

Тұрысов Ерлан Әлімқұлұлы 1983 жылдың 5 сәуірінде Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында дүниеге келген. 2004 жылы  М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «кеден ісі» және 2012 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2004 жылы Жамбыл облысының кедендік бақылау департаментінің жедел-кезекші бөлімі маманының м.а, Кадр басқармасының жарақтандыру, әскери, қызметтік және кәсіби даярлық бөлімінің маманы, аға маманы қызметтерінен бастаған.

2010 жылы Контрабандамен күрес басқармасының әкімшілік құқық бұзушылықпен күрес бөлімі аға маманының м.а, аға маман лауазымдарын атқарған.

2012 жылдан бастап 2013 жыл аралығында Кедендік бақылау департаментінің ұйымдастыру және кадр жұмысы басқармасының кадр жұмысы бөлімінің басшысы, Астана қаласы бойынша кеден департаментінің ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

2013 жылдан бастап 2015 жылдар аралығында еңбек жолын ҚР Қаржы министрлігі кадр жұмысы басқармасының кадр сұрақтарын үйлестіру бөлімінің бас сарапшысы, ҚР ҚМ кадр басқармасының сарапшысы, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Адам ресурстары басқармасының сарапшысы болып жалғастырған.

2015 жылдан бастап 2018 жылдың 28 қыркүйегі аралығында Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Ақтау кедендік рәсімдеу орталығының» басшысы лауазымын атқарған.

 

Шымкент қаласы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті