
Тауарлармен электрондық сауда дегеніміз ол интернет-дүкендер, яғни интерент желісінің ақпараттық технологиялар арқылы жүзеге асырылатын жеке тұлғаларға көрсетілетін сауда саттық кәсіпкерлік қызметі.
Аталған қызмет түрімен айналысу үшін сауда саттық электронды түрде сонымен қатар, тауардың ақысы қолма-қолсыз төлеммен жүргізілуі мен тауарды курьерлік немесе пошта қызметтері арқылы жеткізілуі тиіс.
Аталған жеңілдіктер тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асырудан түсетін кірістер жылдық жиынтық кірістің кемінде 90% құраған жағдайда қолданылады. Осы шарттар сақталмаған кезде салық төлеуші аталған жеңілдіктерді қолдануға құқылы емес.
Жеңілдіктерді пайдалану үшін, тауарлармен электрондық сауда жасайтын тұлға, бірінші кезекте дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде тіркеу есебіне тұруы қажет және жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны мемлекеттік кірістер органдарына жолдауы тиіс.
Тауарлармен электрондық сауда кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалар салық органының сұрау салуы бойынша мәліметтерді уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ұсынады.
Шымкент қаласы бойынша МКД
Түсіндіру жұмыс басқармасы.