Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемелекеттік кірістер комитеті құрылымында болған өзгерістерге сәйкес, 2018 жылдың тамыз айында департаментте Экспорттық бақылау басқармасы құрылғанын хабарлайды.
Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Экспорттық бақылау басқармасы келесі функцияларды атқарады:
- еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен шекараласпайтын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы (әрі қарай- Мемлекеттік шекара) экспорттық бақылауға жататын өнімдердің қозғалысын бақылап әкімшілендіру;
- кедендік әкелу баждарының төмендетілген мөлшерлемесі қолданылып әкелінген тауарларды (әрі қарай-тізілімге жататын тауарлар) Қазақстан Республикасына үшінші мемлекеттерден әкелінген, шығаруға тиым салу жөнінде Қазақстан Республикасының міндеттемелерін және іске қосылған халықаралық келісім шарттардың орындалуын қамтамасыз ету;
- халықаралық шарттарға сәйкес, ЕАЭО елдерінен импортталған тауарлар бойынша ҚҚС түсім сомасының толықтылығын қамтамасыз ету.
- импортталған және экспортталған тауарларды талдау және есебі.
- қосымша кіріс көздерін анықтау және импортқа ҚҚС бойынша бюджетке түсім сомасын ұлғайту бойынша ұсыныс енгізу.
- ЕАЭО кеден шекарасының қазақстандық бөлігінде өткізу пункттерінде радиациялық бақылауды әкімшілендіру және әдіснамасы, бақылаушы органдармен өзара іс-қимыл жасау.
Экспорттық бақылау басқармасының орналасқан мекен-жайы: Шымкент қаласы, Театральная көшесі № 33. Телефон: ////
Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті