
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығына сәйкес 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан ҚР аумағына тауарларды әкелу кезінде, сондай-ақ ҚР аумағынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына тауарларды әкету кезінде «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (бұдан әрі –ТIЖ) ресімдеу бойынша міндеттемелер туындайды.
Бұл ретте ЕАЭО аумағынан тауарларды әкелу кезінде ТIЖ ҚР Мемлекеттік шекарасынан өткен күннің алдындағы күннен кешіктірмей импорттаушының ресімдеуіне жатады.
Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мемлекеттер-мүшелерінің аумағына тауарларды әкету кезінде жылжыту, іске асыру және (немесе) тауарларды тиеу күнінен кешіктірмей экспорттаушыТIЖ ресімдейді.
ТIЖ-мен жұмыс істеу жөніндегі материалдар ҚР ҚМ МКК порталында келесі жолмен жаряланған:
- ТІЖ ресімдеу ережесі және олардың құжат айналымы, ТIЖ-ныңтехникалық сипаттамасы:https://kgd.gov.kz/ru/content/soprovoditelnaya-nakladnaya-na-tovary-1;
- ТІЖ-мен жұмыс бойынша пайдаланушының нұсқаулығы: https://kgd.gov.kz/ru/content/informacionnye-materialy-po-sisteme-1.
ЭШФ АЖ-де СНТ-мен жұмыс істеу бойынша іске асылырған web-интерфейс тестілік стендеhttps://esf-test.kgd.gov.kz:9443/esf-web/login#!/қол жетімді.