Жарияланған күні: 07.02.2019 14:32
Өзгертілген күні: 07.02.2019 14:33

2019 жылғы 8 ақпан күні сағ.15:00-де Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұйымдастыруымен «Онлайн бақылау-касса машиналарын қолдану», «Шот фактураларды электронды нысанда жазу» және «Қосылған құн салығын бақылау шоты (Блокчейн)» сұрақтары бойынша салық төлеушілерге арналған семинар-кеңес өтеді. Іс-шараның мекен-жайы: Шымкент қаласы, Театр к/сі, 33 үй, Абай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ғимараты.

Ниет білдірушілерді семинарға қатысуға шақырамыз.

 

Шымкент қаласы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті