
ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық кодексінің 517-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектiсi бар заңды тұлғалар мүлік салығының төлеушілері болып табылады.
Заңды тұлғалар үшін мүлік салығының салық салу объектісі Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ғимараттар мен құрлыстар болып табылады және де мүлiк салығын салықтық базаға 1,5 пайыз мөлшерлеме бойынша есептейді, ал әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға мүлiк салығы салықтық базаға 0,1 пайыз мөлшерлеме бойынша есептеледі.
Әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға 290 баптың 1 тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын, олардан алынған, өтеусіз алынған мүлік, депозиттер бойынша сыйақылар, сондай-ақ осындай кірістер бойынша туындаған оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі түріндегі кірістері ескерілген кірістері осындай ұйымдардың жылдық жиынтық кірісінің кемінде 90 пайызын құрайтын ұйымдар жатады.
Әлеуметтік саладағы қызметке медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар денсаулық сақтау субъектісінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес (оның ішінде лицензиялауға жатпайтын медициналық қызметті жүзеге асыру кезінде) медициналық көмек нысанында қызметтер көрсетуі жатады.
Осылайша, әлеуметтiк саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, жоғарыда аталған шартарға сәйкес келсе, осындай ұйымдар мүлік салығының 0,1 пайыз мөлшерлемесін қолдана алады.
Сонымен бірге, Салық кодексінің 521-бабының 4-тармағына сәйкес егер мұндай пайдалану, сенімгерлік басқару немесе жалға беру үшін төлемақы мемлекеттік бюджетке түсетін жағдайларды қоспағанда, әлеуметтiк саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша 1,5 мөлшерлемесі бойынша мүлік салығын есептейді және төлейді.
Шымкент қаласы бойынша МКД
Түсіндіру жұмыс басқармасы.