
Шымкент қаласы бойынша МКД келесіні хабарлайды.
Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1057 "Өзбекстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін тауарлар мен көлік құралдарын ресімдеу кезінде кедендік рәсімдерді жетілдіру туралы" қаулысымен жүк кедендік декларациясын еркін айналым режимінде (ИМ-40) ресімдеу кезінде сертификаттауға жататын тауарлар мен көлік құралдарын - сәйкестік сертификатын, санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыны, экологиялық сертификатты жүк кедендік декларациясын рәсімделу барысында ұсыну міндеті бекітілген.
Осы Қаулы 2020 жылғы 2 сәуірден бастап күшіне енеді.
Осыған байланысты, Сізге тауарлардың кедендік шекара мен қоймаларда тоқтап қалмауын болдырмау мақсатында, алдын-ала Өзбекстан Республикасына тауарларды әкелуге дейін жоғарыда көрсетілген құжаттарды алу қажет.
Шымкент қаласы бойынша МКД
Кедендік әкімшілендіру басқармасы