
2020 жылдан бастап онлайн бақылау-кассалық машиналарын жер-жерде қолдану заңды күшіне енді.
Ағымдағы жылы патент негізінде қызметін жүзеге асыратын тұлғалар үшін салықтық кезең ішінде бір онлайн БКМ құнына немесе 60 000 теңге шамасында (есептелген салық сомасынан 50%-дан аспайтын) үшкомпонентті интеграцияланған жүйені (онлайн БКМ, POS-терминал, ERP жүйелер) алу сомасына есептелген жеке табыс салығы сомасын азайту құқығы берілді.
Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті патент негізінде жұмыс істейтін салық төлеушілерді аталған мүмкіндікті пайдалануға, яғни онлайн-БКМ-ға көшуді жылдың соңына қалдырмауға және балама салық салу режимине өтуге шақырады.
Шымкент қ. бойынша МКД
Түсіндіру жұмыс басқармасы