Жарияланған күні: 07.10.2019 17:42
Өзгертілген күні: 07.10.2019 17:43

       

        2019 жылдың 12 қыркүйекте «АЭА Оңтүстік» кеден бекетінде кеден бекеті басшысының у.м.а. М.Абиевтың төрағалығымен сыртқы экономикалық қызметке (СЭҚ) қатысушыларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, пара алу-беру жағдайларының алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге кеден бекетінің қызметкерлері және СЭҚ қатысушылары («Назар-Текстиль» ЖШС, «АГФ-Групп» ӨК ЖШС, «Kazbiolife» ЖШС, «Шымкент-Кашемир» ЖШС, «Azala Cotton» ЖШС, «Әлем БТ» ЖШС, «LUX SHOES» БК, «ХПЦ) қатысты.

«АЭА Оңтүстік» кеден бекеті басшысының у.м.а. М.Абиев жиынға қатысқан СЭҚ қатысушыларына кеден бекетінің қызметкерлеріне заңсыз сыйлықтар мен пара бергені үшін жауапкершілік сондай ақ пара берген салық төлеушіге де қатысты екенін ескертті.

Кездесу барысында  сыбайлас жемқорлықпен күресу, оның алдын алу және жауапкершілік мәселелері қызу талқыланды және сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілік түрлері көрсетілген парақшаның (листовка) үлгісі қағаз нұсқасы сыртқы экономикалық қызметке (СЭҚ) қатысушыларға тарату жұмыстары жүргізілген.

Бұл іс-шара сыбайлас жемқорлыққа қарса заңнаманы түсіндіруге және сыбайлас жемқорлықты жоюға бағыталды.