Жарияланған күні: 25.11.2021 12:00
Өзгертілген күні: 25.11.2021 12:13

24.11.2021 жылы Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің  Әдеп жөніндегі уәкілі Н.Құлымбетовтың төрағалығымен Департаменттің кеден бекеттері қызметкерлерімен онлайн-форматта кездесу өткізілді.

Кездесу барысында салықтөлеушілерге қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мәселелері талқыланды.

Н.Құлымбетов қатысушыларды әріптестерімен қарым қатынаста сыпайылық таныту, киім үлгісін сақтау, эпидемиялық  жағдайға байланысты қарантиндік шараларды сақтау, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен өзге де салықтөлеушілерге кедендік рәсімдеу және бақылау бойынша қызметтер көрсету барысында Әдеп кодексінің ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертті.

Сонымен қатар, кездесу барысында Әдеп жөніндегі уәкіл Н.Құлымбетов сыбайлас жемқорлықпен күресу және оның алдын алу мәселесіне ерекше тоқтап өтті.

Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жаза күшейтілгенін,  сыбайлас жемқорлық үшін бас бостандығынан айырылғандар шартты түрде бостандыққа шыға алмайтынын, т.с.с. сыбайлас жемқорлықтың салдары туралы ескертіп, барлық кеден бекеті қызметкерлерін сыбайлас жемқорлықпен күресуге белсенділік танытуға шақырды.

Кездесу қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл Н.Құлымбетов сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік этиканы сақтауға бағытталған бірқатар іс-шараларды орындау қажеттігін атап өтті.