Жарияланған күні: 04.06.2024 09:36
Өзгертілген күні: 04.06.2024 09:39
Салық қарызының жоқтығы туралы анықтаманы қалай алуға болады?
Байланыс орталығына жиі түсетін сұрақтардың бірі: салық қарызының жоқтығы туралы анықтаманы қалай алуға болады?
Бұл анықтаманы екі жолмен алуға болады:
1. Салық төлеушінің кабинеті арқылы (cabinet.salyk.kz).
 • "Салықтық Өтініш" Бөлімі.
 • "Салық берешегі" қойындысы (Мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді алуға сұрау салу).
 • Өтінішті толтырып, Мемлекеттік кірістер органына жіберіңіз.
 • Анықтама алу үшін "салық өтініші" бөліміне өту керек, Егер анықтама дайын болса, сүзгілерде "әрекет" жолында "ақпарат"сілтемесі пайда болады.
2. Электрондық үкімет порталында (egov.kz).
 • Порталға кіріп, "Қызметке онлайн тапсырыс беру"батырмасы бойынша өтіңіз.
 • Өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-пароль арқылы қол қою (мобильді азаматтар базасында тіркелу міндетті).
 • Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) өңделген анықтамамен танысу.
Қызмет көрсету мерзімі: сұрау салу түскен күннен бастап 1 жұмыс күнінен кешіктірмей.