Жарияланған күні: 10.05.2024 11:36
Өзгертілген күні: 10.05.2024 11:37
Салық қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау, сондай-ақ қызметтік этиканы сақтау мәселелері талқыланды
 
Шымкент қаласы бойынша МКБ басшысының орынбасары - Әдеп жөніндегі уәкілі Е.Өзбековтың төрағалығымен Еңбекші және Қаратау аудандары бойынша МКБ қызметкерлерімен 29.04.2024 жылы жиналыс өткізіліп, салық қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау, сондай-ақ қызметтік этиканы сақтау мәселелері талқыланды.
Отырыс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша заңнамадағы соңғы өзгерістер, сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен олардың салдары және сыбайлас жемқорлық профилактикасы мен қызметтік этиканы сақтау мәселелері талқыланып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Отырысты қорытындылай отырып, Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі Е.Өзбеков қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру және қызметтік эитканы сақтау тақырыбында профилактикалық сұхбат жүргізіп, Әдеп кодексін сақтаудың маңыздылығын атап өтті.