Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Шымкент қаласының республикалық маңызы бар қала статусына өтуіне байланысты бұрын «Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі, аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі үй-жайлардан тыс ашық кеңістіктегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде және ауданда тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақыны қоспағанда, сыртқы (көрнекі) жарнаманы облыстық маңызы бар қаладағы үй-жайлардан тыс ашық кеңістікте және облыстық маңызы бар қалада тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақы» (105425) бюджеттік сыныптама кодына төленіп келген төлемақы, енді «Сыртқы (көрнекі) жарнаманы республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы үй-жайлардан тыс ашық кеңістікте және республикалық маңызы бар қалаларда, астанада тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақы» (105424) бюджеттік сыныптама кодына төленуі қажет екенін назарларыңызға жеткізеді.
Шымкент қаласы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаменті