Жарияланған күні: 24.07.2019 16:19
Өзгертілген күні: 24.07.2019 16:26

2018 жылдың 1 тамызынан бастап, еgov.kz порталында барлық салықтарды және бюджетке төлейтін міндетті төлемдерді авторизация жасамай және ЭСҚ қол қоймау мүмкіндігінсіз-ақ салықтарды төлеу бойынша жаңа қызмет пайда болды. Egov.kz порталында төлеу жүргізу үшін, «Салықтар және қаржылар» - «Салық салу» - «Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу» және «Онлайн ресімдеу» батырманы басып, қызметке тапсырыс беруге болады. Салық төлеушінің ЖСН/БСН, мемлекеттік кірістер органының атауын, төлем сомасын, бюджеттік сыныптамасының кодын таңдағаннан кейін жүйе салықты төлеу бөліміне өтуді автоматты түрде ұсынады. Барлық процедура аяқталғаннан кейін төлем болғанын растайтын электронды чек беріледі.

Сонымен қатар , «Салық төлеуші кабинеті», mgov.kz, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы (kaspi.kz, homebank.kz және басқа) төлеуге болады.

Шымкент қаласы бойынша МКД

                                                                        Түсіндіру жұмыс басқармасы