Жарияланған күні: 23.12.2019 17:56
Өзгертілген күні: 23.12.2019 17:58

Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, 03.12.2015 жылғы №432-V «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР-ның Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының 14 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»Кодексі16-тарауының 283.1-баппен толығуы 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізілетінін хабарлайды:                          

         "283-1-бап. Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ұсынбау не уақтылы ұсынбау, тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатта тауарлар атауының сәйкес келмеуі, олардың санын (көлемін) анық көрсетпеу, сол сияқты тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатта мұнай өнімдерінің, темекі бұйымдарының, этил спиртінің және алкоголь өнімінің, биоотынның дербес сәйкестендіру нөмір-кодын анық көрсетпеу

      1. Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ұсынбау не уақтылы ұсынбау –      жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет –

      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатта тауарлар атауының сәйкес келмеуі, олардың санын (көлемін) анық көрсетпеу, сол сияқты тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатта мұнай өнімдерінің, темекі бұйымдарының, этил спиртінің және алкоголь өнімінің, биоотынның дербес сәйкестендіру нөмір-кодын анық көрсетпеу –

      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

      жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдемеу, сол сияқты тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарсыз мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің, темекі бұйымдарының, биоотынның айналымы, этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің айналымы және олардың орнын ауыстыру –

      әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын этил спирті және (немесе) алкоголь өнімі, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері, темекі бұйымдары, биоотын және (немесе) әкімшілік құқық бұзушылық салдарынан алынған кірістер, ақша тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

      әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын этил спирті және (немесе) алкоголь өнімі, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері, темекі бұйымдары, биоотын және (немесе) әкімшілік құқық бұзушылық салдарынан алынған кірістер, ақша тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады."

 

 Шымкент қаласы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінің

                                                        Жанама салықтарды

                                                                       Әкімшілендіру басқармасы