Жарияланған күні: 21.02.2020 09:04
Өзгертілген күні: 21.02.2020 09:07

Сұрақ:   2020 жылы жеке табыс салығы бойынша жеке табыс салығын есептеу кезінде көп балалы отбасы үшін оқытуға салық шегерімдері қолданылады ма?

Жауап: «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ЗРК Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 347-бабының 1-тармағына сәйкес Көп балалы отбасы үшін салықтық шегерім күнтізбелік жылға айқындалған айлық есептік көрсеткіштің 282 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде жиынтығында екі ата-анаға мынадай тәртіптердің бірімен:                                                     1) көп балалы отбасы ата-анасының біріне – әрбір ай үшін айлық есептік көрсеткіштің 23 еселенген мөлшерінде;                                                                    2) көп балалы отбасы ата-анасының әрқайсысына әрбір ай үшін айлық есептік көрсеткіштің 12 еселенген мөлшерінде қолданылады.                  Салық кодексінің 349-бабының 1-тармағына сәйкес   Оқытуға арналған салықтық шегерім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім берудің мынадай деңгейлері бойынша қолданылады:             1) Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жүзеге асырылатын мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;                             2) Қазақстан Республикасындағы білім беру ұйымдарында осындай қызмет түрлерін жүргізу құқығына арналған тиісті лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын техникалық және кәсіптік білім беру;                                                                                3) Қазақстан Республикасындағы білім беру ұйымдарында осындай қызмет түрлерін жүргізу құқығына арналған тиісті лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру;                                                                      4) осы Кодекстің 291-бабының 1-тармағында айқындалған дербес білім беру ұйымдарында жүзеге асырылатын мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру.          Сонымен бірге,  316–366-баптар 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылды. Бұл ретте, тоқтата тұру кезеңінде 2018 жылдың 1 қаңтарынан 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін осы баптар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің күшіне енуі туралы »Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына толықтырулар енгізілді ( бұдан әрі «Енгізу туралы Заң» деп аталады).                           Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, 2020 жылы жеке табыс салығы бойынша жеке табыс салығын есептеу кезінде көп балалы отбасы үшін оқытуға салық шегерімдері қолданылмайды.