
Ағымдағы жылдың 05 қазанында Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында мәжбүрлеп өндіру бөлімінің ұйымдастыруымен салық заңнамасының нормаларын түсіндіру мақсатында «ашық есік» күні өтті. Жұмыс уақыты барысында салық төлеушілер мүмкіндігін пайдаланып, көкейде жүрген сұрақтарымен бөлісті. Әсіресе жас кәсіпкерлер жеке кәсібін дөңгелетуде туындаған салық саласына қатысты сұрақтарына тұжырымды жауаптар алды.
Сонымен қатар, салық төлеушілерге мемлекеттік қызметтерді «Азаматтарға арналған үкімет» МК, «Электронды үкімет» веб порталы арқылы алу мүмкіндіктері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті