Жарияланған күні: 26.05.2021 12:48
Өзгертілген күні: 26.05.2021 12:50

 ҚР  «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер  туралы» кодесінің 6-тарауымен, айыппұлдар сомаларынан бөлек, салықтарды және төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін салық төлеушінің берілген өтініші негізінде салық төлеушінің немесе үшінші тұлғаның мүлкін кепілге қоюмен және  банк кепілдігімен  өзгертілуі  тиісінше бір мезгілде 6 айға дейін немесе кезең-кезеңмен төлей отырып үш жылға дейін төлеу мерзімін өзгерту қарастырылған.

            Республикалық бюджетке түсетін, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттер арасында бөлінетін салықтарды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы шешімді салық төлеушінің орналасқан жеріндегі салық органы қабылдайды.

 Б9л ретте, төлем көзінен ұсталатын салықтар, акциздер, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарынан импортталатын тауарларға салынатын ҚҚС бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдері өзгертілуге жатпайды.

Салықтарды және  төлемақыларды төлеу бойынша кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту қаржылық жағдайы салықты және төлемақыны белгіленген мерзімде төлеуге мүмкіндік бермейтін, оларды  төмендегіше негіздер  бойынша  беріледі, олар мынадай: 

     1) салық төлеушіге еңсерілмейтін (әлеуметтік, табиғи, техногендік, экологиялық сипаттағы төтенше жағдайлар, әскери іс-қимылдар және өзге де мән-жайлары) салдарынан нұқсан келтіру;

      2) салық төлеушінің тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді өндіруінің өткізуінің маусымдық сипатта болуы;

      3) дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын жеке тұлғаның мүліктік жағдайы (ҚР заңнамасына сәйкес өндіріп алуды қолдануға болмайтын мүлікті есепке алмағанда) біржолғы салық төлеуге мүмкіндік бермеуі;

      4) соттың берешекті қайта құрылымдау рәсімін қолдану туралы шешім қабылдауы;

      5) салық төлеушінің негізгі қызмет түрінің Қазақстан Республикасының заңдарына  сәйкес стратегиялық маңызы бар экономика саласына жатқызылуы;

      6) салық төлеушінің қосымша салықтық есептілікті ұсынуы;

      7) салық төлеушінің есепке жазылған салықтардың және  төлемақылардың тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген сомаларымен келісуі негіздерінің бірі болған кезде оларды төлеу мүмкіндігі кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту берілетін мерзім ішінде туындайды деп пайымдауға жеткілікті негіз болатын салық төлеушіге берілуі мүмкін.

 Ал, салық төлеуші ретінде тіркелген күнінен бастап кейiнге қалдыруды немесе мерзiмiн ұзартуды беру туралы өтініш берген күнге дейінгі кезең бес жылдан кем болатын салық төлеушілерге қолданылмайды.

            Бұл ретте, кейінге қалдырудың, мерзімін ұзартудың қолданылуы салық төлеуші салықтардың және төлемақылардың бүкіл сомасын белгіленген мерзім өткенге дейін төлеген жағдайда және салықтар мен төлемақыларды төлеу бойынша кейінге қалдыруды, мерзімін ұзартудың беру шарттарын бұзған жағдайда тоқтатылады.

Құрметті салық төлеушілер, салықтарды төлеу мерзімін өзгерту мүмкіндігін пайдалана отырып, қаражатыңызды өз кәсібіңізді дамытуға жұмсауға мүмкіндігіңізді пайдалануға шақырамыз!

Одан бөлек,  ҚР Үкіметінің 23.04.2021 жылығы № 265 қаулысына сәйкес, ағымдағы ждылдың 1-ші шілдесінен дейін  мемлекеттік органдары мен кавази мемлекеттік субъектілеріне заңды тұлғалрамы мен жеке кәсіпкерлерді банкрот деп тану  үшін сотқа талап-арыздарды беруі  тоқтатылған. Осыған орай, банкрот деп тану бойынша сотқа  талар-арыздарды тек  өзге кретиторлар және борышкердің өзі  беруі құқылы.