Жарияланған күні: 23.12.2019 17:35
Өзгертілген күні: 23.12.2019 17:37

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ағымдағы жылдың соңына дейін шағын және орта бизнес субъектілері мен жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық жасалатынын еске салады.

Салықтық рақымшылық шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне салық төлеушінің 2018 жылғы 1 қазандағы жағдайына болған негізгі бересі сомасын төлеген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдар есептен шығарылады.

Бүгінгі күні 728 млн. теңге сомасына бересіні төлеген 2534 салық төлеуші салықтық рақымшылығын пайдаланды, олардың 139,3 млн. теңгеге өсімпұлы және 10,3  млн.тенге айыппұлдары есептен шығарылды.

Салықтық рақымшылық аясында біздің отандастарымыз өткен жыл үшін салық міндеттемелері (мүліктік, жер, көлік және басқа да салықтар) бойынша негізгі бересі сомасын төлеген жағдайда, олардың қарыз сомасына үстемі есептелген өсімпұл есептен шығарылады.

Салықтық рақымшылық акциясы ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасады, осыған байланысты мемлекет алдындағы негізгі борышты өтеп өз мүмкіншіліктеріңізді пайдалануға аз да болса уақыт бар.

Қазіргі уақытта 81,5 млн.теңге негізгі қарызын төлеген 56 723 жеке тұлғаралдың 492,2 млн.теңге өсімпұл есептен шығарылды.

Салықтық рақымшылық аясында барлық туындаған сұрақтар бойынша  Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне  35-51-87 телефон арқылы және салық төлеушілердің тіркеу деректеріне сәйкес орналасқан жері бойынша өзінің Мемлекеттік кірістер басқармаларына хабарласуға болады.

                                                       

 

                                                                    Шымкент қаласы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінің

Түсіндіру жұмыс басқармасы